Жамбыл облысында полиция қару тапсырған тұрғындарға 10 млн теңге жұмсады

Сурет: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Жамбыл облысы аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу жөніндегі республикалық акция өткізілуде. Оның барысында 130 қару сатып алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және қарудың заңсыз айналымын азайту болды.

Акцияны іске асыруға республикалық бюджеттен 10 миллион 896 мың теңге бөлінді. Оның қорытындысы бойынша қалалық және аудандық полиция бөлімдеріне азаматтардан 98 өтініш келіп түсті.


"Барлығы 129 атыс қаруы ерікті түрде тапсырылды, оның ішінде 17-сі – ойық ұңғылы, 112-сі – тегіс ұңғылы. Өтемақы төлемдерінің жалпы сомасы 10 миллион 895 мың 572 теңгені құрады. Халықтың белсенділігі азаматтардың құқықтық санасының өскенін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға деген ұмтылысын көрсетеді". Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Мұндай акциялар қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алуда және халықтың ішкі істер органдарына деген сенім деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Бұған дейін Ақтау әуежайында ірі есірткі партиясымен бірге ер адамның ұсталғанын жазғанбыз.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды