Ақтауда заңсыз қоқыс төккен жүк көлігінің иесіне айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтауда заңсыз қоқыс төккен жүк көлігінің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтау қаласының әкімдігі 5 қыркүйекте жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы қызметтік тексеру барысында қаланың санитарлық жағдайын бұзған деректі анықтағанын хабарлады. Кіші Оймаша көлінің маңында белгісіз жүк көлігі рұқсат етілмеген орынға құрылыс қалдықтары мен тұрмыстық қоқыс төгіп жатқан жерінен ұсталды.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы, яғни "Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу" бойынша хаттама толтырып, тиісті әкімшілік айыппұл салды. Сонымен қатар, жүк көлігі айыппұл тұрағына қойылды.

"Қала тұрғындарын және көлік жүргізушілерін Ақтау қаласының тазалығы мен тәртібін сақтауға шақырамын. Рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс төгу — тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға зиян келтіру екенін естен шығармауымыз қажет", — деді Ақтау қалалық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Бағытжан Арысов.

Ақтау қаласы әкімдігі тұрғындарды табиғатты қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және туған қаламызды таза ұстауға белсенді атсалысуға үндейді.

Бұған дейін тура осындай жағдай Қарағандыда да тіркелгені хабарланған

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды