Екі рейс жасаған: Қарағандыда заңсыз қоқыс төгу дерегі анықталды

Қарағандыда заңсыз қоқыс төгу дерегі анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 20:27 Сурет: polisia.kz
Қарағанды қаласында полицейлер тұрмыстық қалдықтарды заңсыз шығару фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Михайлов полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары аумақты жоспарлы тексеру барысында жүк көлігін тоқтатып, жүргізушінің рұқсатсыз қоқыс төгіп жатқанын анықтады.

Тергеу барысында 30 жастағы азаматтың бұл жерге екі мәрте рейс жасап, аумақты заңсыз қоқыс үйіндісіне айналдырғаны белгілі болды.


"Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында қоршаған ортаның әрі қарай ластануына жол берілмеді. Сонымен қатар қалдықтарды заңсыз шығаруға пайдаланылған көлік айыптұраққа қойылды", - деп хабарлады полиция.

Заң бұзушы өз әрекетінің салдарын жоюға міндеттеліп, полиция бақылауымен жиналған қоқыстың барлығын арнайы полигонға жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: