Қарағандыда ірі көлемдегі дәрі-дәрмектерді заңсыз тасымалдаған күдікті ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысында полицейлер ірі көлемде дәрілік препараттарды заңсыз тасымалдаған 40 жастағы ер адамды ұстады.
Тексеру барысында Астана қаласының тұрғыны басқарған көліктен 82 қаптама "Тропикамид", 6 қаптама "Прегабин Рихтер 30" және 240 қаптама "Мидакс" препараты табылып, тәркіленді. Барлық дәрі-дәрмек сараптамаға жіберілді.
Аталған дерек бойынша есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің ықтимал сыбайластарын және тәркіленген препараттардың шығу арналары мен таралу жолдарын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript