Астанада пәтер сату сылтауымен 42 адамды алдаған күдікті ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2025 11:40 Фото: Zakon.kz
Астана қаласында полицейлер құрылыс саласында ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен 52 жастағы ер адамды ұстады.

Тергеу дерегінше, күдікті елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде азаматтармен пәтер сату сылтауымен брондау туралы келісімшарттар жасасқан. Ол ақша алған соң, құрылыс аяқталғаннан кейін пәтерді меншікке рәсімдеп беремін деп уәде еткен. Алайда тергеу барысында кейбір пәтерлердің бірнеше адамға қатар сатылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта полиция 42 алаяқтық дерегін тіркеді. Бір жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 6,5 миллион теңгеге дейін жеткен. Сонымен қатар күдікті жарнамалаған тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылғаны белгілі болды.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары азаматтарға жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде құжаттардың заңдылығын мұқият тексеріп, тек ресми тіркелген құрылыс компанияларына жүгінуді ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: