Қарағанды облысының полицейлері аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған күдіктіні ұстады
Қарағандылық есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының және Қарағанды қаласының патрульдік полиция полкі қызметкерлерімен есірткі тасымалдаудың алдын алу, қылмыстың жолын кесу мақсатында жүргізілген "Қарасора" арнайы операциясы барысында кеншілер астанасында аса ірі көлемде есірткі сатпақшы болған астаналық азаматша ұсталды.
Азаматшаны ұстау операциясы кешкілік уақытта Алматы – Астана тас жолының Қарағанды қаласына кіре берісінде жүргізілді. Көлікті тоқтату кезінде азаматша полиция қызметкерлерін, қызметтік итті көргеннен кейін бірден мойындау көрсетпе белгілерін беріп, есірткі бар екенін айтты.
Көлікке жүргізілген тінту жұмыстары кезінде екі пакет синтетикалық есірткі заты, 3 телефон және 1 миллион теңге ақша тәркіленді. Тәртіп сақшылары азаматшаны ұстағаннан кейін, ұстау операциясы болғаны туралы күдіктінің серіктестеріне ақпарат тарап кетпеу мақсатында бірден Астана қаласына шықты.
Бұл жерде күдікті азаматшаның үйіндегі ас бөлмесінен тағыда 500 граммға жуық мефедрон есірткісі тәркіленді.
"Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, тәркіленген заттарға сараптама жасалып, оның шешіміне сәйкес есірткінің жалпы салмағы 2 келі 750 грамнан астам ірі көлемдегі мефедрон есірткісі екені белгілі болды.Мефедрон есірткісінің 1 грамын сатудың өзіне ауыр жаза көзделген. Күдікті азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмысты жасағаны үшін күдіктіні дүние мүлкін тәркілеу арқылы 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр."