Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысының полицейлері 18 келіден астам кептірілген марихуана тасымалдаған азаматты ұстады

Есірткі таратқандар ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2023 14:58 Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда облысының патрульдік полиция қызметкерлері "Қарасора – 2023" іс-шарасы барысында 18 келіден астам есірткі затын тасымалдаған Ақтөбе облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қарасора – 2023" іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұсында Шымкент – Самара тасжолының 637/1630 шақырымында жол ережесін бұзған Chevrolet Cobalt автокөлігін патрульдік полиция рота қызметкерлері тоқтатты.

Тексеру барысында көліктен үлкен жол сөмкесіне салынған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған зат 18 келі 683 грамм кептірілген марихуана екендігі нақтыланды.

Тексеру барысында бұл сөмкенің жолаушыға тиесілі екендігі анықталды. Ол Ақтөбе облысының тұрғыны болып шықты. Күдікті УҰИ-ға қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Мән-жайлар анықталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: