Сингапур мен Қазақстан қылмыстық істер бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты нығайтуда

Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
8 қыркүйекте ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Сингапурде өткен Прокурорлардың халықаралық ассоциациясының 30-шы конференциясы мен жалпы жиналысының жұмысына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шет елдердің бас прокуратуралары арасында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірегей алаң болып табылатын бұл конференцияға 70-тен астам елдің жоғарғы қадағалау органдарының басшылары қатысты.

Іс-шара барысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, цифрлық дәлелдемелерді пайдалану, активтерді қайтару, сондай-ақ қылмыстың жаңа түрлеріне және қауіп-қатерлеріне тиімді әрекет ету мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу өтті.

Конференция алаңында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Асылов пен Сингапур Әділет министрі Тонг Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге қол қойды.

Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Аталған келісім қылмысқа қарсы күреске, соның ішінде күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдейтін айғақтарды жинауға, сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға бағытталған.

Қазақстандық қадағалау органы басшысының айтуынша, әлемдік қаржы орталығының алдыңғы қатарындағы және жаһандық сауда-инвестициялық ағындардың негізгі торабы болып саналатын Сингапурмен мұндай келісімнің жасалуы Қазақстан үшін өте маңызды.

Бұдан бөлек, Бас прокурор Сингапурдың Бас прокурорымен және Ішкі істер министрімен екіжақты кездесулер өткізіп, онда өзекті қылмыс түрлеріне бірлесіп қарсы тұру, озық тәжірибемен алмасу мәселелерін талқылап, әрі қарайғы ынтымақтастықтың нақты қадамдарын белгіледі.

 

Қазақстан
Асылов Берік

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды