Семейде полицейлер кәріз құдығына түсіп, есінен танып қалған екі жұмысшыны құтқарды

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Бүгін, 10 қыркүйекте таңертең Семейде қайғылы жағдайға әкеліп соқтыра жаздаған оқыс оқиға орын алды. Сағат 09:00 шамасында облыстық сот ғимаратының маңында ТЭЦ-тің үш қызметкері кәріз құдығына түскен, соның ішінде екеуі есінен танып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқылардың бірі болып көмекке ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері — полиция старшинасы Аслан Какенов, полиция аға сержанты Ерзат Баймулаев, полиция аға сержанты Әйгерім Мұхтарбекова және полиция кіші сержанты Тұрсынбек Айтқазы жетті.

Какенов жедел түрде саты алып келіп, ер адамдардың бірін сыртқа шығуына мүмкіндік берді. Ал Әйгерім Мұхтарбекова жедел жәрдем шақырды.

Ерекше ерлік көрсеткен полиция аға сержанты Ерзат Баймулаев өз өміріне қауіп төнсе де арнайы қызметтердің келуін күтпестен әрекетке көшті. Ол өзін арқанмен байлап, басына газдан қорғанатын бас киімді киіп, құдыққа түсті. Жоғарыда әріптестері Какенов пен Айтқазының көмегімен үшеуі естен танған екі жұмысшыны жер бетіне көтеріп шығарды.

Арада санаулы минуттар өткен соң оқиға орнына дәрігерлер келіп, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті. Қазір олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

"Өз өмірін қатерге тігіп, үлкен психологиялық күш түскеніне қарамастан, мамандандырылған күзет қызметінің полицейлері сот ғимаратындағы қызметін жалғастырды", делінген хабарламада.

Бұған дейін Шымбұлақта кісі толы аспалы кабина бұзылып, көкте қалып кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты