Қызылордада полиция қызметкерлері есінен танып қалған баланы құтқарды

Сурет: Zakon.kz
Қызылордада полиция қызметкерлері есінен танып қалған баланы ауруханаға жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылы 22 қыркүйекте Қызылордада полиция батальоны экипажының жанына жеңіл автокөлік тоқтап, жүргізушісі полицейлерден көмек сұраған. Ол баласының жағдайы ауыр екенін және ауруханаға тез жете алмайтынын айтқан.

Полиция инспекторлары Алмат Кішкенбаев пен Қуаныш Өмірзақов уақыт жоғалтпай дереу көмек көрсетеді. Олар анасы мен баласын патрульдік көлікке отырғызып алып, оларды ауруханаға жедел жеткізді. Бүлдіршінге қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Қазір баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, жағдайы жақсы. Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің жоғары жауапкершілік пен кәсібилігін тағы да дәлелдеп, олардың көмекке әрдайым дайын екендіктерін көрсетті.

Бұған дейін "Құқықтық дәріхана" акциясы аясында елордалық заңгерлер тұрғындарды мазалаған сұрақтарға жауап бергенін жазғанбыз.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды