Франкфурт – Астана әуе рейсінде шу шығарған шетел азаматы жауапқа тартылды

Сурет: polisia.kz
Франкфурт – Астана бағытындағы әуе рейсінде мас күйде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, лаң шығарған шетел азаматына акт толтырылып, ол елорда әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік полицейлері 48 жастағы Германия азаматының ұшақта алкогольдік мас күйде болғанын, агрессивті мінез-құлық танытып, балағат сөздер айтып, экипаж мүшелерінің заңды талаптарына бағынбағанын анықтады.


"Құқық бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің үш бірдей бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, яғни алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келу, ұсақ бұзақылық жасау, сондай-ақ әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу. Полиция әуе кемелерінде және көлік инфрақұрылымы нысандарында тәртіп сақтау – әрбір адамның азаматтығына қарамастан, міндеті екенін ескертеді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Қоғамдық тәртіпті бұзу – жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігіне қатер төндіреді және ҚР заңнамасына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады. 

Германия
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады