Ақмола облысында патрульдік полиция 1400 көліктен тұратын автоколоннаны ертіп жүрді

Сурет: видеодан алынды
Ақмола облысында патрульдік полиция күн райының күрт бұзылуына байланысты 1400 көліктен тұратын автоколоннаны жол бастап, ертіп жүрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана – Қарағанды және Астана – Павлодар бағыттарында қозғалыс шектеліп, патрульдік полиция қызметкерлері 1400 автокөлікті, оның ішінде 350 жүк және 1050 жеңіл көлікті жол бастап, алып жүрді, деп хабарлады 2025 жылы 9 қарашада ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Полицейлердің бірнеше рет ескертуіне қарамастан, кейбір жүргізушілер қолайсыз ауа райында жолға шығуда.

"Мұндай ескертулерді елемеу ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Көктайғақ пен нашар көріну кезінде жол апатының қаупі артады, ал көмек көрсету қиындай түседі", — дейді тәртіп сақшылары.

Айта кетсек, 2025 жылы 7 қарашада Ақмола облысында полицейлер ауа райының бұзылып, мінез танытуына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу жасаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз