Желідегі видео: елордалық жүргізуші жол үстіндегі әдепсіз әрекеті үшін айыппұл арқалады

Сурет: pixabay
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша ер адамға қатысты істі қарады. Ол жол үстінде көршілес көліктің жолаушысына әдепсіз ишарат (ым) танытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2025 жылғы 1 қарашада М. автокөлікті басқара отырып, жол үстінде көршілес көліктің жолаушысына әдепсіз іс-қимыл жасап (ым), қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, өзге адамдарға айқын құрметсіздік білдіргені анықталды.

Құқық бұзушылықтың мән-жайлары іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, М.-ның өз түсініктемесімен, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған бейнежазбамен дәлелденген.

Сот отырысында М. өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді және көршілес көліктің жолаушысы оның жол қиылысында әрекет жасау ережесін бұзғанын видеоға түсіріп отырғанын, бұл жағдай ашуын тудырғанын, соның салдарынан әдепсіз қимыл (ым) жасағанын жеткізді.

Соттың қаулысымен М. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Аталған қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды