Абай облысында патрульдік полицейлер қырағылығының арқасында кісі өлімінің алды алынды

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Семей – Павлодар тас жолында патрульдік полиция жүк көлігінің біртүрлі қозғалысын байқап, жүргізушіні тоқтатты. Жүк көлігінің жүргізушісі өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтып, бірнеше секундтан кейін есінен танып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер дереу жүрек-өкпе реанимациясын жасап, оның жүрек соғысын қалпына келтірді. Сақшылар жедел жәрдемді күтпестен науқасты Семейге жеткізді.

Қала шекарасында полицейлер жүргізушіні жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Дәрігерлер азаматтың инсульт алғанын растады.

Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Осылайша полиция қызметкерлері Азамат Балғабаев, Жақсылық Қожагұлов және Жасұлан Сарбасовтың қырағылығының арқасында жүргізуші аман алып қалды әрі жолдағы апатты жағдайдың алды алынды.

Айта кетсек, 2025 жылы 13 қарашада Қарағанды облысындағы жеті адамның өліміне себепкер жүргізушіге қатысты сот үкімі шыққан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін