Қарағандыдағы ауыр жол апаты: жеті адамның өліміне себепкер жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты

Жол апаты, Қарағанды облысы, жеті адам, қаза тапты, жүргізуші, сот үкімі  , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2025 19:58 Сурет: Zakon.kz
13 қараша 2025 жылы Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында абайсызда жеті адамның өлiмiне әкеліп соққан жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта 2025 жылдың шілде айының 5-де сағат 16.00 шамасында жүргізуші Д. "Kia Sedona" маркалы автокөлігін басқара отырып, жол жүрісі қағидаларын елемей және бұза отырып, "Алматы–Екатеринбург" тас жолымен Балқаш қаласы бағытында жүріп келе жатып, 791-ші шақырымдық автожол учаскесі аумағында алдында келе жатқан ақ түсті "Toyota" маркалы автокөлікті басып озу барысында көліктердің массасын анықтауға арналған құрылғы орнату үшін асфальт жабындысы қазылған шұңқырға түсіп, одан ұшып жолдың екі жақ шетінде орналасқан темір тосқауылдарға соғылғаны, салдарынан автокөлік отқа оранып, көлік салонында болған жеті жолаушы опат болғаны анықталды.

Жүргізуші Д. және тағы бір жолаушы Шет ауданының ауруханасына әртүрлі дене жарақаттарымен жеткізілген, соңғысының денсаулығына орташа дәрежедегі зиян келтірілген.

Д кінәсін мойындады, жәбірленушілердің, куәлардың айғақтары, жол-көлік оқиғасы сызбасы, сараптама қорытындылары және басқа іс материалдары да оның кінәсін айқындайды.

Соттың үкімімен Д. ҚР ҚК-нің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің барынша төмен қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, Павлодарда полицейлер дрон арқылы жол ережелерін бұзу фактілерін анықтауда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: