Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде үш адамның өліміне себепші болған мұғалім сотталды

Сот үкімі, Ақтөбеде, жол апаты, мектеп мұғалімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2024 17:38 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында абайсызда үш адамның өлiмiне әкеліп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзды деген айыппен мектеп мұғаліміне қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, қайғылы оқиға 2023 жылы 19 желтоқсанда "Самара – Шымкент" тас жолының 1140-шақырымында болды. Аталған жол учаскесінде "Toyota" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, жүк автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан автокөлік салонындағы үш жолаушы мерт болып, тағы біреуі ауруханаға түсті. Жол апатына түрткі көлік ішінде олимпиадаға бара жатқан мектеп оқушылары болған.

Сотта сотталушы өзіне тағылған айып бойынша кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінді.

Жаза тағайындау барысында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының жас балаларының болуын, бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмағанын, кінәсін мойындап, шын ниетпен өкінуін таныды. Сотпен қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай анықталған жоқ.

Сот, көлік тізгінінде болған мектеп мұғалімін ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


"Сонымен қатар, сотпен Ақтөбе облысы ПД мен облыстық білім басқармасы басшылығы атына аудандық бөлімдердің жауапсыздығы мен тиісті бақылаудың болмауына байланысты жекеше қаулылар шығарылды". Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: