Маңғыстауда жасөспірім тізгіндеген жеңіл көлік полицияның қызметтік көлігіне соғылды

Сурет: lada.kz
Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында бейнебақылау камераларына патрульдік автокөлік пен Toyota Camry жеңіл автокөлігінің соқтығысқан сәті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының мәліметінше, жол апаты 25 қарашада болды.

Видеодан Toyota жоғары жылдамдықпен келіп, полицияның қызметтік көлігіне соғылғанын көруге болады. Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, жеңіл автокөлік рөлінде 17 жастағы жасөспірім болған.

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы белгіленген жасқа толмаған адамның көлікті басқаруына жол бергені, сондай-ақ тәрбие жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға фактісі бойынша қызметтік тексеру тағайындалды.

Бұған дейін Ақмола облысында салонында 24 млн теңге болған автокөлік ұрланып, полицейлер аяғынан тік тұрғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін