Шымкентте әйелінің жағын сындырған ер адам бас бостандығынан айырылды

Сурет: pixabay
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіру бабымен айыпталған сотталушы ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу мәліметтері бойынша, жанжал 2024 жылғы 1 мамырда кешкі уақытта Шымкент қаласы, Жаңаталап шағын ауданында болған. Ер адам өзінің азаматтық некедегі жұбайы С-мен жанжалдасып, оған бет тұсынан бірнеше рет соққы жасап, жағын сындырған. Сараптама жарақатты денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіру деп бағалады.

Сотталушының кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Прокурор сотталушыға 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші, сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және азаматтық талап арызды қанағаттандыруды сұрады. Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, өзін ақтауды сұрады.

Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін ішінара мойындағанын ескерді, ал ауырлататын мән-жай анықталмады.

Сот, О-ны ҚР ҚК-нің 107-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Азаматтық талап арыз ішінара қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Айта кетсек, Жамбыл облысында келіннің сәлем салудан бас тартуы оқиғасы сотқа дейін жетті.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі