Сәлем салмаған келін мен енесіне қоңырау шалып, қызын қайта алып кетуді бұйырған күйеу бала - іс сотта қаралды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2025 15:04 Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында келіннің сәлем салудан бас тартуы сотпен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жуалы аудандық сотында отбасылық-тұрмыстық қатынастарда былапыт сөздер қолданған ер адамның ісі қаралды.

"Мейрамханадағы үйлену тойы кезінде ер адам жұбайынан ежелгі қазақ дәстүрі бойынша үлкен әпкесіне сәлем салуды өтінген, ал әйелі өз кезегінде өтінішті орындаудан бас тартқан. Әрі қарай, олар үйге оралған соң,ер адам әйелінің мінез-құлқына наразылығын білдіріп, оған қатысты былапыт сөздер айтқан",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, белгілі болғандай, ер адам қайын енесіне қоңырау шалып, қызы мен немерелерін қайтарып алып кетуді дөрекі түрде талап еткен.

Өз кезегінде, айыпталушы кінәсін толық мойындап, әйелінен шын жүректен кешірім сұрап және тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты соттан іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен іс бойынша іс жүргізу тараптардың медиация тәртібімен татуласқанына байланысты тоқтатылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: