Жаңалықтар тізбегі
0

Серік Сәлемов Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды

Серік Сәлемов Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2024 17:54 Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Серік Сәлемов Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚР Президент Әкімшілігінің келісімімен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымына Серік Жақсылықұлы Сәлемов тағайындалды", - делінген өңір әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Серік Сәлемов 1972 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын ("Жылумен, газбен қамтамасыз ету, желдету, ауа бассейінін қорғау", "Құқықтану", "Мемлекеттік және жергілікті басқару") бітірген. 

Ол әр жылдары "Салтанат" шағын мемлекеттік кәсіпорында тері өткеруші, "Ақбастау" шағын жеке кәсіпорында құрылыс учаскесінің шебері, «Салтанат» шағын мемлекеттік кәсіпорында директордың орынбасары, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр бөлімінің бас консультанты, бас маманы, Байзақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облыстық мәслихат аппаратының бас маманы, ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, жетекшісі лауазымдарын атқарған. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің нормативтік-лингвистикалық жұмыстар басқармасының бастығы (басшысы), ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары, аталған министрліктің Әкімшілік департаментінің ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы, түрлі серіктестіктердің жетекшісі, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аппарат басшысы лауазымдарында еңбек еткен.

 2022 жылғы шілде айынан бастап бүгінге дейін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі – Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры қызметін атқарып келді. 

Облыс әкімінің жаңа орынбасары білім, дене шынықтыру және спорт, ақпарат және қоғамдық даму, дін, мәдениет және тілдерді дамыту салаларына жетекшілік етеді. Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму, дін, мәдениет және тілдерді дамыту салаларына облыс әкімі аппаратының басшысы жетекшілік еткен.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: