Балқаш қаласында науқас өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Сурет: depositphotos.com
2025 жылғы 17 желтоқсанда Қарағанды облысында адам өліміне кінәлі деп айыпталған Балқаштағы аурухана қызметкеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балқаш қалалық көпсалалы ауруханасының хирургия бөлімшесінің меңгерушісіне өз кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, ұқыпсыз қарауы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырды деген айып тағылды.

"Сот 2023 жылғы шілде–қараша айлары аралығында науқас А-ны емдеу барысында сотталушының клиникалық хаттамалар мен лауазымдық міндеттерді бұзғанын анықтады, бұзушылықтар хирургиялық араласу туралы шешімді уақтылы қабылдамаудан және емдеудің дұрыс әдісін таңдамаудан көрінген. Жіберілген дәрігерлік қателіктердің салдарынан науқастың жағдайы нашарлап, кейіннен 2023 жылдың 6 қарашасында қайтыс болды", делінген сот хабарламасында.

Сотталушының кінәсі оның кінәсін мойындау айғақтарымен, сарапшылардың, мамандардың және куәлардың көрсетулерімен, тексеру актілерімен, сараптама қорытындыларымен және істің өзге де материалдарымен дәлелденді.

Прокурор жасалған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша ескіру мерзімінің өтуіне байланысты М.-ға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Жәбірленуші тарап істі тоқтатуға қарсылық білдіріп, айыптау үкімін шығаруды сұрады.

"Сот ҚР ҚК-нің 317-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстардың онша ауыр емес санатына жататынын, ал мұндай қылмыстар бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ҚР ҚК-нің 71-бабы, 1-бөлігі, 2-тармағына сәйкес екі жылды құрайтынын анықтады. М-ның қылмыстық құқық бұзушылық жасаған мән-жайлары 2023 жылғы 6 қарашада орын алған. Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған күннен бастап екі жылдан астам уақыт өткен. Осыған байланысты қылмыстық іс қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылуға жатады". Балқаш қалалық сотының баспасөз қызметі

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін 20 метр биіктіктен құлап, мерт болған құрылысшыларға қатысты Теміртауда жауаптылар сотталғанын жазғанбыз.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды