Теміртауда автобус ішінде туындаған дау пышақтасумен тынды

Сурет: Zakon.kz
Теміртауда автобустағы жанжал кезінде 30 жастағы ер адам 18 жастағы жігіттің аяғына пышақ сұғып салды. Аталған оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Қарағанды облысы ПД-ның баспасөз қызметіне жүгінді.

Полицейлер пышақ жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Полиция жасағы оқиға орнында 30 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жауап берді ведомстводан.

Жәбірленуші мен күдікті өзара сөзге келіп, тұрмыстық сипаттағы жанжал болғаны белгілі болды. Жанжал автобус терезесін ашу кезінде туындаған.

Полиция агрессия мен зорлық-зомбылықтың кез-келген көрінісі қатаң және түбірінен кесілетінін жеткізді. Кінәлілер заңға сай жазаланады.

"Қазіргі уақытта болған оқиғаны объективті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысы полиция департаментінің бақылауында", делінген департамент жауабында.

Бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінде шабуыл кезінде қаскөйлер жас жігітті атып өлтіріп, тағы үшеуін жарақаттағаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін