Жолдардағы жылдамдық шектеулерін сақтамай, айыппұл арқалағандар шағымы: ІІМ мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz
Астана – Щучинск және Астана – Теміртау бағыттарындағы тас жолдарда орнатылған электрондық ақпараттық таблоларда көрсетілетін жылдамдық шектеулері заңды күшке ие. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді уақытша шектеулерді қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана – Щучинск және Астана – Теміртау тас жолдарындағы жылдамдық шектеулерін сақтамағаны үшін келетін әкімшілік айыппұлдарға қатысты азаматтардан көптеген шағым түсіп жатыр. Осыған орай, ІІМ тағы да мынаны еске салады:

"Трассадағы негізгі ақпарат көзі – таблода көрсетілген жол белгілері екенін ескере отырып, оларды мұқият қадағалауды сұраймыз. Уақытша жылдамдық шектеулері барлық жол жүрісіне қатысушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі. Заң бұзушылықтар тәулік бойы және кез келген ауа райында жұмыс істейтін автоматты камералармен тіркеледі. Уақытша жылдамдық шектеулерін енгізудің басты мақсаты – азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау. ІІМ барлық жүргізушіні жолда жол жүру қағидаларына жауапкершілікпен қарауға, ауа райы жағдайын ескеруге, жол белгілерін қадағалап, жол жағдайындағы өзгерістерге дер кезінде әрекет етуге шақырады. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз", – дейді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Ақтоты Боранова.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды