Алматы облысында автобустағы дауға түрткі мас ер адам қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының полиция департаменті өңірдегі маршруттық автобустардың бірінде орын алған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Айта кетсек, автобус жолаушыларының бірі жас жігітке қатысты дөрекі әрі арандатушылық сипатта мінез танытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде құқық бұзушы анықталып, жауапкершілікке тартылды. Ол өз әрекетін алкогольдік масаң күйде болғанымен түсіндірген. Аталған дерек бойынша материалдар сотқа жолданып, сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, ҚР заңнамасына сәйкес 15 тәулікке әкімшілік жаза тағайындады". Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі

Алматы облысының полициясы қоғамдық орындарда әдепсіз сөз айтуға, балағаттауға және арандатушылық әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді. Себебі, мұндай мінез-құлық қоғамдық тәртіпті өрескел бұзады және қатаң түрде тоқтатылады.

"Ішкі істер органдары ұсақ бұзақылықтың және азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін өзге де құқық бұзушылықтардың әрбір дерегіне қағидатты түрде жауап береді. Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады. Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіп нормаларын қатаң сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады", делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған оқиғаға қатысты әлеуметтік желіде видео тараған. Видеодан мейрамхана әкімшісі мен тұтынушы арасында дау туындағанын, арты қол жұмсауға ұласқанын көруге болады.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстанда жаңбыр аралас қар жауады: 30 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді