Алматы прокуратурасы интернет және телефон алаяқтығымен күресті күшейтті

Сурет: unsplash
Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтің бастамасымен байланыс операторларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы 2026 жылы 5 қаңтарда оңтүстік астана прокуратурасы ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 6 млн астам алаяқтық қоңырауларға тосқауыл қойылып, SIM-box пен 5 колл-орталықты пайдаланудың 14 жағдайын анықтауға мүмкіндік туғаны нақтыланады.

"9 қылмыстық іс бойынша айыптау үкімдері шығарылды. Жәбірленушілер 268 млн теңге сомасына 85 талап-арыз берді, оның 69-ын соттар қанағаттандырды. Сондай-ақ 100-ден астам құқыққа қайшы интернет-ресурстарына тыйым салынған". Алматы қаласының прокуратурасы

Серік Кәріпбеков заманауй алаяқтық схемалар, мемлекет пен бизнестің күш-жігерін біріктіруді талап ететінін атап өтті.

"Меморандум ақпаратпен жедел алмасуды, құқыққа қарсы байланыс арналарын тиімді бұғаттауды және азаматтардың құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз етеді. Тараптар ынтымақтастықты дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге және алаяқтықтың алдын-алу жөніндегі жұмысты күшейтуге дайын". Алматы қаласының прокуратурасы

Бұған дейін алаяқтық жасады деген күдікті қазақстандық Ресейден экстрадицияланғанын жазғанбыз.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз