Туристік жолдамалар мен алтын бұйымдар: Шымкентте көпті шырылдатқан күдікті әйел ұсталды

Сурет: polisia.kz
Шымкентте полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық үшін халықаралық іздеуде болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол шымкенттік тұрғындарға қатысты бірқатар алаяқтық жайттарына қатысы бар. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады. Алаяқтық эпизодтарының бірінде күдікті алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіпкердің сеніміне кіріп, зергерлік әшекейлерін иемденіп кеткен. Сонымен қатар, ол тұрғындардан шетелге арзан бағамен туристік сапарлар ұйымдастырамын деп ақша алып, турларды ұйымдастырмай, қаражатты қайтармаған.

"Аталған жайттар бойынша полициямен күдікті халықаралық іздеуге жарияланған. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын анықтауға және қылмыстық әрекеттердің қосымша эпизодтарын әшкерелеуге бағытталған тергеу жұмыстары жүргізілуде". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы прокуратурасы интернет және телефон алаяқтығымен күресті күшейткенін жазғанбыз.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды