Өз елінде қылмыс жасаған Тәжікстан азаматы Қазақстанда бес жыл бойы жасырынып жүрген

Сурет: polisia.kz
Полицейлер алаяқтық қылмысына қатысты Отанынан қашып, Қазақстанда бес жыл бойы жасырынып жүрген Тәжікстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облыстық ПД Шортанды ауданында 45 жастағы ер адамның ұсталғанын жеткізді. Ол Тәжікстан Республикасының Соғды облысының ішкі істер басқармасымен Қылмыстық кодекстің 247-бабының 2-бөлімінде көзделген алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен іздеуде болған. Ол тергеу органдарынан жасырынып, 2021 жылы Қазақстан аумағына келген.

"Іздеуде жүрген адам Қазақстанның түрлі өңірлерінде болып, Шымкент пен Астанада құрылыс нысандарында қара жұмысшы болып жұмыс істеген. 2025 жылдың желтоқсанында ол Шортанды ауданының Жолымбет елдімкенінде болған кезінде ұсталды". Ақмола облысы ПД

Қазіргі уақытта полиция тексерулер жүргізіп, қажетті материалдарды жинастыруда және істің басқа мән-жайларын анықтайтын болады. Тексеру кезеңінде ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны алдағы жағдайы заңда белгіленген тәртіппен шешілетін болады.

Бұған дейін Атырау облысында жоғалып кеткен бір отбасының ерлі-зайыптылары өлі күйінде табылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі