Прокурорлар қыз алып қашуға байланысты жаңа бап қолданысқа енгізілгенін еске салады

Сурет: pexels
ҚР Бас прокуратурасы "Некеге немесе бірге тұруға мәжбүрлеу" туралы жаңа бап қолданысқа енгізілгенін кезекті мәрте еске салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Некеге мәжбүрлеу және адам ұрлау — заңмен тыйым салынған қылмыс, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.

Қазақстанда 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы қолданыста.

"Некеге немесе бірге тұруға мәжбүрлеу, сондай-ақ осы мақсатта адам ұрлау үшін 7 жылға дейін, ал ауырлататын жағдайларда 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Жәбірленушіні босату жауаптылықтан босатпайды. Неке тек ерікті келісіммен жасалады", делінген хабарламада.

Бұған дейін депутат жаңа баптың дұрыс жұмыс істемей жатқанын сынға алып, елімізде қыз алып қашуға қатысқан барлық адамды, тіпті апаларды да қамауға шақырған болатын.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Талдықорған маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады