Жамбыл облысында жұмыс берушінің кесірінен шетелдік ерлі-зайыптылар сот залынан бір-ақ шықты

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында шаруа қожалығында заңсыз жұмыс істеген шетелдік ерлі-зайыптыларға айыппұл салынды. Бұл туралы ақпаратпен 2026 жылдың 25 ақпанында соттың баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптыларды Жуалы ауданының шаруа қожалықтарының бірінің басшысы жалдап, оларға мал бағумен айналысқаны үшін ай сайын 120 мың теңгеден төлеп отырған. Олар 2025 жылдың қыркүйегінде Қазақстан шекарасынан өтіп, осы уақыт ішінде жұмысқа орналасуға рұқсатсыз мал бағып жүргені анықталды.

"Шетелдік азаматтар өздерінің түсіндірмелерінде ШҚ-ның басшысына заңды тіркеу қажеттілігі туралы бірнеше рет еске салғанын мәлімдеді", делінген сот хабарламасында.

Сот қаулыларымен құқық бұзушылар ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 108 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Қаулылар заңды күшіне енді.

Бұған дейін Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 16 шетел азаматы республика аумағынан шығарылғаны хабарланған.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды