БҚО-да экс-шенді кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

Сурет: pexels
Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағанды зорлау оқиғасына қатысты тың мәліметтер жарияланды. Бұл ретте әкімдік қызметкеріне айып тағылуда, ол қазір қызметінен босатылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымының мәліметінше, 16 жасар қызды зорлады деген күдікті Шыңғырлау ауданы әкімдігіндегі бөлімдердің бірінде жұмыс істеген. Арыз келіп түскеннен кейін ол жұмысынан босатылған.

27 ақпанда БҚО прокуратурасы күдіктінің ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

"Орал қалалық мамандандырылған тергеу соты Жупуловқа қатысты екі айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", делінген қадағалау органы түсініктемесінде.

Оқиға Шыңғырлау ауданында болған. БҚО полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 120-бабы, "Кәмелетке толмағанды зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Полицейлер кәмелетке толмағанға қатысты іс бойынша хат-хабарлар мен басқа материалдарды зерттеді. 16 жасар қыздың өзі күдіктіге қатысты ешқандай шағымы жоқ, оның айтуынша, екеуінің қарым-қатынасы "өзара келісілген" көрінеді.

Зардап шеккен қыздың әкесі полицияға арызданды. Ол 2026 жылдың 2 қаңтарында ер адам кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне апарғанын, ол арада оған зорлық-қорлық көрсеткенін айтқан.

Орал
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі