Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған қыз зорланды

Кәмелетке толмаған қыз, БҚО, зорлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 18:43 Сурет: freepik
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой город" басылымының мәліметінше, оқыс оқиға Шыңғырлау ауданында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккен қыздың әкесі полицияға арызданды. Ол 2026 жылдың 2 қаңтарында ер адам кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне апарғанын, ол арада оған зорлық-қорлық көрсеткенін айтқан.

Полиция бұл факт бойынша ҚР ҚК 120-бабы, яғни "Кәмелетке толмағанды зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтып, ақпаратты растады.

"Қылмыстық іс Шыңғырлау ауданының полиция бөлімінің өндірісіне алынып, ол бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" шарасын қолдану туралы мәселе іс бойынша тергеу іс-қимылдарының кешені жүргізілгеннен кейін шешілетін болады". БҚО полиция департаменті

Құқық қорғау органдары тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты жария етпеді.

Бұған дейін Ақтөбеде оқушы қызды зорлап, жүкті қылған өгей атасы 21 жылға сотталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: