Алматы облысында кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2023 19:30 Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.

13 сәуірде Ұйғыр ауданының полициясына қызының зорланғаны жайында жергілікті тұрғын арызданған болатын. Бұл дерек ҚР ҚК 120-бабының белгілері бойынша тіркелді.


"Аталған деректі тексеру шеңберінде бірқатар сот-медициналық сараптамаларды тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін тараптардың дәлелдері жан-жақты, толық және объективті деңгейде тексерілетін болады". Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сондай-ақ тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: