Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызды өлтірді деген күдікті ұсталды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2023 21:29 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Түркістан облысының полицейлері Ордабасы ауданындағы суару каналынан мәйіті табылған қызды өлтірді деген күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция күдіктіні анықтау 9 сәуірде мүмкін болғанын нақтылайды.

"Күдікті -11 сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды". Түркістан облысы ПД

Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынғанын баса айта кетелік.

Айта кетсек, 30 наурызда Түркістан облысында жоғалып кеткен бесінші сынып оқушысының денесі табылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: