Түркістан облысындағы оқушы қыздың өлімі: екінші күдікті ұсталды

Оқушы қызды өлтірген екінші күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 13:46 Сурет: pexels
Түркістан облысының полицейлері суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректер жинады, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Күдікті ретінде 11 сынып оқушысы ұсталды. Аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт." Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті.

Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында.

Еске сала кетсек, Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9 сынып оқушысының мәйіті каналдан табылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: