Ақтөбеде екі адамды өлтірді деген 9 күдікті ұсталды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 19:26 Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында екі азаматты өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын.

Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елдімекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Айта кетсек, 2022 жылы 26 қазанда Ақтөбеде Нокин көшесінде орналасқан монша кешеніне қарама-қарсы Елек өзенінің жағасынан белгісіз екі адамның денесі табылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: