Екі кісіні өлтірді деген күдікпен Астанада тағы үш адам ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе қаласында екі кісіні өлтірді деген күдікке ілінген үш адам елордада ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
28 қазанда Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Бөгенбай батыр даңғылындағы үйдің ауласынан үш күдіктіні ұстады.
Үшеуі Ақтөбеде екі кісіні өлтіргені үшін қылмыстық қудалаудан елордада жасырынып жүрген. Ұсталғандар іздеу жариялаған органға тапсырылады. Аталмыш факті бойынша жалпы 13 адам ұсталды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, 2022 жылы 26 қазанда Ақтөбеде Нокин көшесінде орналасқан монша кешеніне қарама-қарсы Елек өзенінің жағасынан белгісіз екі адамның денесі табылды. Тергеу барысын облыс прокуроры Қалидолла Дауешов өз бақылауына алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript