Түркістан облысында іздестіріліп жатқан жасөспірім аман-есен табылды

Сурет: видеодан алынды
Түркістан облысында жоғалып кеткен 2010 жылғы Хасен Мардан Ғалымжанұлы облыс полицейлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде Шымкент қаласынан аман-есен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасөспірім 21 наурыз күні Ордабасы ауданындағы тұрғылықты мекенжайынан шығып, Түркістан қаласына қыдырып барған. Содан кейін жақындарымен байланысқа шықпай, із-түссіз кеткен.

Аталған дерек бойынша Түркістан облысы полиция департаментінің және қалалық полиция басқармасы қызметкерлері бірден іздестіру жұмыстарын бастап, тәжірибелі жедел уәкілдер жұмылдырылды.

"Баланың ата-анасы ұлының телефоны үйінде қалғанын айтып, оның табылмай жатқанына алаңдаушылық білдірді. Полицейлер жасөспірімнің жүрген бағытын анықтау үшін бейнебақылау камераларын мұқият зерделеп, Түркістан қаласын толық тексерді. Содан соң қосымша көршілес мегаполисте іздестіру жұмыстарын жалғастырды. Нәтижесінде 15 жастағы жасөспірім Шымкент қаласынан табылды. Жедел уәкілдер оны ата-анасына табыстады". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарына алаңдаушылық білдірген бұқаралық ақпарат құралдары мен жергілікті тұрғындарға алғыс білдіреді.

Ал ата-аналарға жасөспірім ұл-қызбен жақын сөйлесіп, тиісінше көңіл бөлу қажеттігін еске салады.

Бұған дейін Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатқаны хабарланған.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды