Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу шаралары қалай жүргізіліп жатқанын айтты

Сурет: polisia.kz
Президенттің Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес ІІМ Алматы қаласындағы резонанстық жол-көлік оқиғасының мән-жайын жан-жақты әрі объективті тергеп-тексеру және кінәлілердің жазадан жалтармауын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың айтуынша,  ІІМ Алматы қаласындағы резонанстық жол-көлік оқиғасының мән-жайын жан-жақты әрі объективті тергеп-тексеру және кінәлілердің жазадан жалтармауын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда. Мемлекет басшысы 30 сәуірде өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында осындай тапсырма берген.

Министрдің айтуынша, аталған жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. ZEEKR автокөлігінің жүргізушісін сот шешімімен қамауға алу шарасы қабылданды. Анықталғандай, ол апат кезінде алкогольдік масаң күйде болған.

Сонымен қатар, Сәденов бұрынғы полиция қызметкерінің әрекетсіздігі және мемлекеттік нөмірлік белгілердің заңсыз берілуі фактілері бойынша да қылмыстық істер қозғалғанын да жеткізді. Тергеуді ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті жүргізуде. Қоғамда таралған барлық мәліметтер тексерілуде.

Жағдайға объективті баға беру үшін Алматы қаласына ІІМ комиссиясы - Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Әкімшілік полиция комитеті және Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департамент жіберілді.

Министр қызметте жіберілген кемшіліктер үшін Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылғанын нақтылады.


"Тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Барлық кінәлілер заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.Ешкім де мәртебесіне, лауазымына және байланыстарына қарамастан, жауапкершіліктен жалтара алмайды. Барлығы заң алдында тең.Заң мен тәртіп - қоғамдағы қауіпсіздік пен әділдіктің негізі", - деді Сәденов.

Бұған дейін Алматыдағы жантүршігерлік жол апатына қатысты Бас прокуратура да мәлімдеме жасаған болатын.

Алматы
Сәденов Ержан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазақстандықтарға қаржылық пирамиданың негізгі белгілері түсіндірілді

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады