Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Бас прокуратура істі қатаң бақылауда ұстап отыр
Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 2 сәуірде Бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов Алматының әл-Фараби даңғылында 3 адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасын тергеу барысы туралы пікір білдірді.
Ерлан Өтегенов жол апатын Алматы полициясы тергеп жатқанын еске салды.
"Күдікті қазір медициналық мекемеде, конвойдың бақылауында. Оның жағдайы жақсарғаннан кейін оны ұстау мәселесі міндетті түрде қаралады. Бұл іс Алматы прокуратурасының қадағалауында", – деп атап өтті спикер.
Еске салсақ, 2026 жылғы 21 наурызда сағат 03:30 шамасында Алматы қаласында жантүршігерлік жол апаты болды. Полиция мәліметінше, Zeekr көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен қарсы бағытқа шығып, Mercedes көлігімен соқтығысты. Соқтығыс нәтижесінде Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
2026 жылғы 26 наурызда Алматы полициясы департаментінің басшысы Айдын Қабдулдинов тұрғындармен есеп беру кездесуі барысында жол апатының егжей-тегжейін жариялады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript