Түркістан облысында өзін зорлады деп жалған айғақ берген азаматша бес жылға сотталды

Сурет: pexels
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 420-бабы 2-бөлігімен, яғни сотта көрінеу жалған айғақтар беру бойынша адвокатқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 4 сәуірде өңір прокуратурасы хабарлады:

"Бұған дейін жәбірленуші азаматша өзін зорлағаны туралы іспен басты сот талқысы барысында күдіктіні қылмыстан жалтарту мақсатында бастапқы шыншыл жауабынан бас тартып, көрінеу жалған айғақ берген. Сәйкесінше арнайы прокурорлар жәбірленуші азаматшаға қатысты ҚК-нің 420-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп, нәтижесімен соңғыны мұндай әрекетке адвокаты айдап салғанын анықтаған.  2026 жылы 18 ақпанда сот үкімімен адвокат пен азаматша кінәлі деп танылып,  оларға 5 және 6,5 жылға тисінше бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды".

Прокуратура органдары азаматтарды қылмыстық процесте шынайы айғақтарды беруге шақырады.

Көрінеу жалған жауап беру заңмен қатаң жауаптылыққа әкеп соғады.


Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі