Конституциялық бақылау сот шешімдерін қайта қарауға бағытталмаған - түсіндірме

Фото: pexels
ҚР онституциялық Соты адвокаттың тәртіптік жауапкершілігіне тартылуына, алқадан шығарылуына және адвокаттық қызметпен айналысу лицензиясынан айырылуына байланысты өтінішті қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өтініш иесі "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңның және Азаматтық процестік кодекстің жекелеген ережелеріне даулай отырып, қалыптасқан сот практикасы тәртіптік жауапкершілік мерзімдерін кеңінен түсіндіруге, сондай-ақ заңды күшіне енген сот үкімінің преюдициялық мәнін елемеуге жол береді деп пайымдаған.

Алдын ала зерделеу барысында Конституциялық Сот дауланып отырған норма сотта қолданылған не нақты іс бойынша азаматтың құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсер еткен жағдайда ғана өтініш қарауға қабылданатынын көрсетті.

Сонымен қатар өтініш иесі көрсеткен бірқатар ережелер оның ісін қарау барысында соттармен қолданылмағаны анықталды.

Конституциялық Сот Азаматтық процестік кодекстің 226-бабы бесінші бөлігі сот шешімінің дәлелді бөлігіне қойылатын талаптарды бекітетінін, ал Азаматтық процестік кодекстің 427-бабы төртінші бөлігі процестік заңнаманы елеулі бұзу анықталған кезде сот актісінің сөзсіз күшін жою негіздерін белгілейтінін түсіндірді.

Конституциялық Сот аталған нормалар сот ісін жүргізу тәртібін реттейтінін және істің нақты мән-жайларын бағалауды көздемейтінін атап өтті. Ал мұндай мәселелер жалпы юрисдикциядағы соттардың құзыретіне жатады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі