ШҚО-да полицейлер тоқтатқан жеңіл көліктің жүк салғышынан төрт қой шықты

Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Майқапшағай-Зайсан тас жолында тоқтатқан Mitsubishi Galant автокөлігінің жүксалғышынан төрт қой табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізушіде тасымалданған ұсақ малдың ілеспе құжаттар болмаған. Тексере келе, жүргізуші төрт қойды басқа жергілікті тұрғынның қорсанынан ұрлап кеткені белгілі болды, деп хабарлайды КТК.

"Қазір жүргізушіге қатысты шамамен 13 миллион теңге айыппұл түрінде, тіпті бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін", делінген сюжетте.

Шығыс Қазақстан облысы ПД ресми өкілі Қарлығаш Жүсіпованың айтуынша, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Ұрланған мал тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Бұған дейін елімізде Құрбан айт басталғаны хабарланған.

Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін