"Құрбан деген жақын болу дегенді білдіреді". Астанада Бас мүфти айт намазын жүргізді

Мешіт, Астана, Құрбай айт, Бас мүфти, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2026 08:48 Сурет: ҚМДБ баспасөз қызметі
Бүгін, 27 мамырда таңертең Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы "Әзірет Сұлтан" мешітінде айт намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша,  "Құрбан" сөзі "жақын болу", "жақындық" деген мағыналарды білдіреді. Демек, Алланың ризашылығы үшін құрбандық шала отырып, мұсылман баласы жаратқан Иесіне жақындап, күнәларының кешірілуіне, үлкен сауапқа кенелуіне мүмкіндік алады.

Бас мүфти, Наурызбай қажы Тағанұлы, Астана, Құрбан айт, намаз , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2026 08:48

Сурет: ҚМДБ баспасөз қызметі

"Мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі, қасиетті құрбан айт баршамызға құтты болсын! Құрбан айт күні құрбандық шалып, оның етінен мұқтаждарға тарату, жақындарды зиярат етіп, айт күнімен құттықтау, балаларға айттық сыйлық беру, ата-бабаларымыздың игі дәстүрі. Кеше арапа күні болып, қажылық сапарындағы жерлестеріміз Арапат тауының маңыңда дұға жасап, Мұздалифада түнеді. Қажылыққа бармаған жандар нәпіл ораза ұстап, бүгінгі құрбан айтқа дайындалдық. Бүгін мінекей таң сәріде құрбан айт намазын оқу ниетімен мешітке жиналып отырмыз. Жалпы бұл күндерде Алла Тағаланы ұлықтау, тиісті діни рәсімдерді орындау – пенденің тақуалығының белгісі. Алла Тағала Қасиетті Құранның "Хаж" сүресінің 32-аятында: "Кім Алланың белгілерін ұлықтаса, шындығында ол жүректің тақуалығынан", – деген". Наурызбай қажы Тағанұлы

Айт намазынан кейін Бас мүфти еліміздің тыныштығы мен болашағы үшін дұға жасап, ата-бабалар рухына Құран аяттарын бағыштады.

Бас мүфти, Наурызбай қажы Тағанұлы, Астана, Құрбан айт, намаз , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2026 08:48

Сурет: ҚМДБ баспасөз қызметі


Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: