Құрбан айт 2025: ҚМДБ ферма иелеріне малдың бағасына қатысты үндеу жасады

Құрбан айт 2025: ҚМДБ ферма иелеріне мал бағасына қатысты үндеуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2025 13:08 Сурет: muftyat.kz
Бір күн бұрын Қазақстан Бас мүфтиі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ел кәсіпкерлеріне маңызды үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған себеп – мал мен әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы.

"Еліміздегі барша шаруа қожалықтарының иелерін мал бағасын көтермей, халыққа тиімді баға ұсынуға шақырамын... Сонымен қатар, барлық кәсіпкерлерді мүмкіндігінше бағаны төмендетуге немесе халық күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне жеңілдіктер жасауға шақырамын. Сіздерді, әсіресе, Құрбан айт күндерінде халқымыз үшін игі істер жасауға шақырамын", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылдың 28 мамырында Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылдың 6 маусымын Құрбан айттың бірінші күні деп жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: