Келіссөздер барысында тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастық, қылмыстың өзекті түрлеріне, оның ішінде трансұлттық қылмысқа бірлесіп қарсы іс-қимыл жасау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, активтерді іздестіру және қайтару мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Еуропалық прокуратура арасында өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.
"Аталған халықаралық құжат қазақстандық прокуратураның Еуропалық Одақ прокурорларымен тікелей өзара әрекеттесуінің құқықтық негізін қалыптастырады. Ол жедел ақпарат алмасуды, бірлескен тергеу топтарын құруды, қылмыскерлерді экстрадициялау, қылмыстық жолмен алынған кірістерді іздестіру, оларға тыйым салу және тәркілеу мәселелері бойынша өзара көмек көрсетуді қамтиды".Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Сондай-ақ Берік Асылов Люксембургтің Бас прокуроры Джон Петримен кездесу өткізді.
Тараптар қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ прокурорлық қызметтің озық тәжірибелері мен тиімді практикаларын алмасу мәселелерін жан-жақты талқылады.
Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша әріптестікті одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растады.
Бұған дейін Бас прокуратура 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын жариялаған болатын.