Алматыда 14 гектардан астам пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: zakon.kz
Алматыда уәкілетті орган жүргізген тексеру барысында аталған жер учаскелерінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қаланың Түрксіб ауданында орналасқан жалпы аумағы 14,6777 гектар болатын 8 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұған дейін бұл жерлер "Алматы ЗТО" ЖШС-нің меншігінде болып, тауарлық ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған еді.

"Уәкілетті орган жүргізген тексеру барысында аталған жер учаскелерінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды. Осыған байланысты жер иесіне анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, жерді жер заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану үшін белгілі бір мерзім белгіленді", деп нақтылайды Алматы қалалық әкімдігі.

Кейінгі бақылау тексеруінің қорытындысы бойынша қажетті шаралардың тек ішінара ғана орындалғаны анықталды. Атап айтқанда, аумақты тазалау және жер учаскелерінің біріне өңдеу жұмыстары жүргізілгенімен, ауыл шаруашылығы өндірісі іс жүзінде ұйымдастырылмаған.

Бұған дейін Ақтау әуежайы маңындағы ірі жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылғанын жазғанбыз.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды