Жалған аккаунттар мен боттар шабуылы: Құрылтай сайлауы қарсаңында ел азаматтарына ескерту жасалды

Сурет: unsplash
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы цифрлық кеңістікте дәйексіз ақпаратты әзірлеу мен тарату әрекеттерінің жиілегенін тіркеп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған орталықтың мәліметінше, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сайлау кезеңі, әдетте ақпараттық арандатушылықтардың көбеюімен қатар жүреді. Мұндай әрекеттердің артында қоғамдық пікірді бұрмалауға ұмтылатын ішкі саяси бәсекелестер де, сайлау процесінің беделін түсіруге, мемлекеттік институттарға деген сенімді әлсіретуге және елде сенімсіздік ахуалын қалыптастыруға мүдделі сыртқы күштер де тұруы мүмкін.

"Бүгінде ашық жалған ақпараттан гөрі, сырт көзге шынайы болып көрінетін күрделі манипуляциялық тәсілдер жиі қолданылуда. Атап айтқанда, саяси партиялар мен кандидаттардың атынан ашылған жалған аккаунттар, қолдан жасалған мәлімдемелер мен жалған сауалнамалар, ресми интернет-ресурстардың сыртқы келбетін қайталайтын сайттар мен парақшалар, сондай-ақ жасанды интеллектінің көмегімен әзірленген материалдар бар. Орталық қазірдің өзінде саяси партиялардың бірінің атынан жалған парақшалар ашылған жағдайларды тіркеді. Солар арқылы партия қызметі туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратылып, жаңа қатысушыларды тіркеу сылтауымен азаматтардың дербес деректері заңсыз жиналған". Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы

Орталық анықтаған тағы бір ақпараттық ықпал ету тәсілі - сайлау процесіне қатысушылардың ресми аккаунттарының айналасында боттардың жасанды белсенділігін арттыру.

"Мұндай әрекеттер аудиториямен өзара іс-қимыл көрсеткіштерін жасанды түрде бұрмалап қана қоймай, цифрлық платформалардың алгоритмдеріне де ықпал етеді. Соның салдарынан ресми ақпараттың қолжетімділігі төмендеп, балама, оның ішінде сенімсіз ақпарат көздерінің көріну деңгейі артуы ықтимал. Сайлау науқаны өрбіген сайын азаматтарды сайлаудың барысы, мемлекеттік органдардың шешімдері, сондай-ақ партиялар мен кандидаттардың қызметі бойынша жаңылыстыруға бағытталған жаңа ақпараттық шабуылдар болуы мүмкін. Мұндай ақпараттық операциялардың негізгі мақсаты - әрбір пайдаланушыны белгілі бір пікірге сендіру емес, қоғамда күмән тудыру, эмоциялық реакция қалыптастыру және ресми ақпаратқа деген сенімді әлсірету", делінген хабарламада.

Осыған байланысты орталық мынадай қауіпсіздік шараларын ұсынады:

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары ақпараттық кеңістікке тұрақты негізде мониторинг жүргізетінін еске саламыз.


"Көрінеу жалған ақпаратты тарату, сондай-ақ жалған цифрлық ресурстарды құқыққа қайшы мақсаттарда пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Қоғамның ақпараттық тұрақтылығы әрбір азаматтың ақпаратқа ұқыпты қарауына тікелей байланысты. Ақпаратты неғұрлым мұқият тексеріп, саналы түрде жауапкершілікпен қарасақ, оны манипуляция құралы ретінде пайдалану соғұрлым қиындай түседі". Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы

Бұған дейін Құрылтай сайлауына қатысуға жеті партия рұқсат алғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Вице-премьер Аида Балаева мәйіттік донорлыққа келісім беретінін мәлімдеді

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады: 25 тамызға дейін не істеу керек

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді