СҚО-да 89 жастағы анасын өлтірді деген күдікпен баласы ұсталды

Сурет: pexels
Солтүстік Қазақстан облысы Благовещенка ауылында 89 жастағы жергілікті тұрғынның өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікпен оның ұлы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавловск.news басылымы денесінде зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар зейнеткердің мүрдесі 2026 жылы 2 қыркүйекте тұрғын үйдің ауласынан табылғанын еске салады.

Аса қатыгездікпен жасалған қылмысқа қатысты күдікті ретінде марқұмның 66 жастағы ұлы ұсталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Мамандар болған оқиғаның барлық мән-жайы мен мотивтерін анықтап жатыр", деп хабарлады СҚО полиция департаменті.

Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Істің басқа мәліметтері жария етуге жатпайтыны ескертілді.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталғанын жазғанбыз. Ол кезде 74 жастағы кейуана қаза тапқан болатын.

Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты