Солтүстік Қазақстанда ер адам зейнеткер әйелді пышақтап өлтірді

Солтүстік Қазақстанда ер адам зейнеткер әйелді пышақтап өлтірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2026 10:59 Сурет: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. 74 жастағы кейуана қаза тапты. Аталған қылмысқа күдікті ретінде 31 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавловск.news басылымының жазуынша, жанжал кезінде ер адам зейнеткер әйелге пышақпен шабуылдаған. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр",- деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін Өскеменде жеңіл көлік жол апатына ұшырап, екі жасөпірім қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: