Кибершабуыл болған жағдайда интернет өшірілуі мүмкін: жаңа ереже бекітілді

Фото: freepik
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі 2026 жылғы 24 қыркүйектегі бұйрығымен киберқауіпсіздік инциденттері анықталған жағдайда байланыс қызметтерін тоқтату тәртібінің қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағидалар Қазақстан аумағында қызмет көрсететін байланыс операторларына қолданылады.

Байланыс қызметтерін тоқтату мәселесін қарауға байланыс желілерінің жұмысын бұзатын немесе киберқауіпсіздікке қауіп төндіретін инцидент туралы ақпарат негіз болады. Бұл ақпарат киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығынан немесе ақпараттық өзара іс-қимыл платформасынан (ҰКЦКБ) түсуі мүмкін.

Байланыс операторлары инциденттерге ден қою жоспарларын әзірлеп, бекітуге тиіс.

Тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін байланыс операторлары киберқауіпсіздікке жауапты лауазымды тұлғаларды айқындайды. Олардың байланыс деректері ҰКЦКБ-ға жіберіледі. Жауапты тұлға немесе оның байланыс деректері өзгерген жағдайда бұл туралы ҰКЦКБ-ға 48 сағат ішінде хабарлануы қажет.

Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы байланыс желілерінің киберқауіпсіздігін тәулік бойы бақылайды.

Киберқауіпсіздік инциденті анықталған кезде ҰКЦКБ бұл туралы ақпаратты киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына және байланыс операторына жібереді.

Киберқауіпсіздік инциденті туралы ақпарат платформа арқылы электрондық түрде инцидент туралы мәлімет алынған сәттен бастап 24 сағат ішінде жіберіледі. Онда:

Байланыс операторы абоненттің құрылғысына интернетке қолжетімділікті мынадай жағдайларда шектеуге міндетті:

Сондай-ақ байланыс операторы абонентке анықталған киберқауіпсіздік инцидентін жою қажеттігі туралы қысқа мәтіндік хабарлама жіберуге тиіс.

Егер абонент оператор жіберген хабарламадан кейін 48 сағат ішінде киберқауіпсіздік инцидентін жоймаса, оператор абонент құрылғысының интернетке қолжетімділігін шектейді. Хабарламада киберқауіпсіздік инцидентінің анықталғаны және оны жою мерзімі көрсетіледі.

Абонент инцидентті 48 сағат ішінде жоймаған жағдайда, оператордан тиісті хабарлама алынған сәттен бастап байланыс қызметтерін көрсету тоқтатылады.

Операторға байланысты жағдайларға оның әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан туындаған, соның ішінде хабарламаны жіберу және жеткізу үшін пайдаланылатын байланыс желісінің, жабдықтың немесе бағдарламалық жасақтаманың техникалық ақаулары жатады.

Операторға байланысты емес жағдайларға абоненттің кінәсінен немесе еңсерілмейтін күш жағдайларынан туындаған және хабарламаны алуға кедергі келтіретін жағдайлар жатады. Оларға абонент құрылғысының өшірулі болуы, байланыс желісінің қамту аймағынан тыс жерде болуы, абонент құрылғысының ақаулығы немесе хабарламаны алуға кедергі келтіретін өзге де жағдайлар жатады.

Оператор хабарламаның жіберілген фактісін, оның жіберілген күні мен уақытын, сондай-ақ жеткізілу нәтижесін өзінің техникалық құралдары арқылы тіркеуге тиіс.

Абонент өзі пайдаланатын құрылғыда анықталған киберқауіпсіздік инцидентін оператор хабарламасында көрсетілген мерзімде жою шараларын қабылдайды.

Абонентке инцидентті жою үшін берілген мерзім аяқталғаннан кейін оператор анықталған киберқауіпсіздік инцидентіне қатысты компрометация индикаторының бар-жоғын тексереді.

Егер абонент инцидентті жоймаса, байланыс операторы қызмет көрсетуді тоқтатып, бұл туралы платформа арқылы ҰКЦКБ-ға хабарлайды.

Бұйрық 2026 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін